Ташкент педиатриялық медицина институты кафедрасының доценті Хакимова Гүлноз Голибовнамен дәрістер өткізілді

Ташкент педиатриялық медицина институты кафедрасының доценті Хакимова Гүлноз Голибовнамен дәрістер өткізілді


"Астана медицина университеті" КеАҚ академиялық ұтқырлық шеңберінде "Астана медицина университеті" КеАҚ-ның 2024 жылға арналған даму жоспарына сәйкес, онкология кафедрасының қызметкерлері мен резиденттері үшін 30.04.2024-06.05.2024 ж. аралығында Ташкент педиатриялық медицина институты кафедрасының доценті Хакимова Гүлноз Голибовнаның "Тоқ ішектің метастатикалық обырын емдеу нұсқасын таңдау. Нақты клиникалық тәжірибенің деректері " тақырыптары бойынша дәрістері өткізілді. ". Дәрістерде тоқ ішектің метастатикалық қатерлі ісігін емдеудің өзекті мәселелері, клиникалық практика деректері, қолданылатын химиотерапиялық емдеу схемалары, мақсатты препараттарды қолдану ерекшеліктері, доцент Г.Г. Хакимова "АМУ"КеАҚ онкология кафедрасының қызметкерлерімен бірлесіп талқыланды.

Онкология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д. профессор Макишев А. К. және онкология кафедрасының ұжымы Ташкент педиатриялық медицина институтының балалар онкологиясы кафедрасының доценті Хакимова Гүлноз Голибовнаға үлкен алғысын білдіреді.

Мұндай іс-шаралар жоғары оқу орындары арасындағы одан әрі ынтымақтастық шеңберінде маңызды болып табылады және онколог резиденттердің білім алушыларының ой-өрісін кеңейтетіні сөзсіз!

Лектордың жоғары біліктілігі мен кәсібилігін,  өте қызықты және өзекті тақырыпты және тыңдаушыларға мұқият қарым-қатынасын ерекше атап өткіміз келеді.

Сіздердің барлық ұжымдарыңызға өркендеу мен табыс тілейміз!

Ынтымақтастық үшін рахмет!


 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика