Құрылу тарихы
Кафедра 1966 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтында ұйымдастырылып, кафедраның бірінші меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, доцент Филатов Иван Игнатьевич болды.
Кафедраны әр кезеңде медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.И. Ананьев, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А.Әбдіқұлов, медицина ғылымдарының докторы, м.ғ.д., профессор Л.Н. Салпынов, м.ғ.д., профессор Шарбаков А.Ж., ал 2011 жылдан бастап кафедраны м.ғ.д. доцент Сүлейменова Роза Қалдыбекқызы басқарды.
Кафедра бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы бакалавриат және магистратура деңгейінде кадрлар даярлауға қатысады. Кадрлық құрамда 1 медицина ғылымдарының кандидаты, 2 PhD докторы, 8 медицина және жаратылыстану ғылымдарының магистрлері бр.
Кафедраның осы уқытқа дейінгі жұмыс істеген кезеңде 10 медицина магистрі даярланды, қазіргі уақытта "қоғамдық денсаулық сақтау"мамандығы бойынша докторантты даярлау жүргізілуде.
Қызметкерлер сарапшылар мен тестологтар ретінде сұранысқа ие, қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы, ҚР биоалуантүрлілікті сақтаудың қазақстандық қауымдастығы, НАСКИ (РФ) сияқты халықаралық және республикалық қауымдастықтардың белсенді мүшелері болып табылады.
Кафедра Астана қаласындағы мектеп-гимназиялармен және лицейлермен тығыз жұмыс істейді, "АМУ" КеАҚ кәсіптік бағдар беру жұмысына қатысады, оқушыларға шеберлік сыныптарын ұйымдастырады, оларды жазғы мектеп бағдарламалары шеңберінде оқытады.
,
Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, емханалар мен сараптама орталықтары практикалық базалар болып табылады.
Оқытушылар мен студенттер ҚР және ТМД медициналық жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысады, соның ішінде өз серіктестерін қабылдайды..
Пандемия кезінде еріктілер ретінде қатысқаны үшін студенттер мен оқытушылар СЭБК департаменттерінен және ҚР медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподағынан алғыс хаттар алды.
Көптеген оқытушыларда "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісі, ҚР ДСМ, медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ведомстволық грамоталары, Астана қаласының аумақтық санэпидбақылау органдарының қосқан үлесі мен жетістіктері үшін алғыс хаттары бар.
ҚР жоғары оқу орындары болып табылатын серіктестермен үлкен жұмыс жүргізілуде (ҚМУ, ОҚМА,М.Оспанов атындағыБҚММУ., С.Д. Асфендияров атындағыҚазҰМУ., Әл-Фараби атындағы ҚМУ), сондай-ақ ТМД (Е. А. Вагнер атындағы ПММУ -РФ, ТМА-Өзбекстан, ӘМУ-Әзірбайжан).
Байланыс деректері
ҚД және гигиена кафедрасы
51 ғимарат, 3-қабат, 304 кабинет.
"Астана Медицина Университеті" КеАҚ
Пошталықмекен-жайы-индекс 010000 ҚазақстанРеспубликасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 49 А,
"Астана медицина университеті"КеАҚ
Байланы тел: жұмыс телефон 8 7172 539459.
E-mail: amu.kz.suleimenova.r